Ол қостанайлық Нұрәділ Әлжанға есе жіберді
Дзюдодан Ақтөбе қаласында өтіп жатқан ел чемпионатында 60 келіде жеңімпаз анықталды.
Финалға дейін барлық қарсыластарын жеңген Мағжан Шамшадин шешуші кезеңде қостанайлық Нұрәділ Әлжанға есе жіберді. Негізгі уақыт тең аяқталғанымен, голден скорда қостанайлық дзюдошы қарсыласын иппонға түсірді.
Айта кетейік, Мағжан финалға дейін алдымен тағы бір Қостанай облысының балуанын ұтса, екінші айналымда Атырау, 1/8 финалда Шымкент балуанын ұтты. Ал ширек финалда ШҚО өкілі Тоқтар Үмітәлиевті қапы қалдырды. Жартылай финалдық белдесуде Шамшадин астаналық Данияр Мырзахметовті жеңді.
Ал Нұрәділ Әлжан финалға дейін Мейрамбек Нұрдәулет, Данияр Құлышев, Телжан Сұлтанбай, Алдияр Қарғұловтардан басым түсті. Сондай-ақ 60 келідегі үздіктердің бірі Нұрқанат Серікбаев алғашқы айналымда ұтылып қалды.
Айта кететін жайт, Мағжан Шамшадин жақында Абу-Даби Гранд Слэмінде 5-ші орынға тұрақтаған еді. Ол Сметов пен Серікбаевқа басты қарсылас атанып, Париж Олимпиадасына қатысудан үмітті басты балуандардың бірі болды. Алайда спаррингтік сында ол басты қарсыластарына жол беріп, Олимпиададан тыс қалды.