Даңқты америкалық балуан ақпан айында Алматыға келеді
Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан АҚШ-тың даңқты балуаны, Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен белдесуі мүмкін. Бұл туралы Кәсіпқой күрес лигасының (PWL) Instagram-парақшасында жазылған.
Қазіргі таңда тараптар келіссөздер жүріп жатыр. Бұған дейін де екі балуан арасында белдесу өтеді деп жоспарланған. Алайда, белгісіз себептермен екеуі күреспей қалды.
Ризабек Айтмұқан соңғы рет Тараз қаласында Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған турнирде жартылай финалда АҚШ спортшысы Джонатан Айеллоға 9:12 есебімен жеңілген еді. Сол жарыста ол үшінші орын алды.
Айта кетейік, Снайдер ақпан айында Алматыда өтетін PWL-8 турнирінде бақ сынайды. Екеуара белдесу осы жарыста болуы мүмкін.
Кайл Снайдер 2015 жылы әлем чемпионы атанып, 2016 жылы Риода топ жарды. Ал Токиода өткен ойындарда финалға дейін жетіп, күміс жүлде иеленді. Былтыр өткен Париждегі ойындара қола медаль үшін парсы балуанына есе жіберді.