Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елдос Сметов жаңа жылдан кейін жаттығуға кірісті

Редактор
07.01.2025, 14:14

Бұған дейін дзюдошы Лондонға кететінін айтқан еді

Әлеуметтік желі

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов үздіксіз жаттығуға кірісті. Бұл туралы белгілі әзілкеш, спортшының жақын досы Біржан Шөппай бейнежазба жариялады.

«Құрметті достар! Бүгін аңыз спортшы Елдос Олимпиададан кейін қызу жаттығуға кірісті. Жаттығудан бірге шықтық. Біржола кірісті. Бұйырса, төртінші рет Олимпиадаға барып, жүлде алады. Ол кезде 35-36 жаста болады екен», - деді әзілкеш.

Бұған дейін Елдос Сметов жаттығуға әзір кіріспейтінні атап, қаңтар айының соңында ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға ұзақ уақытқа баратынын айтқан еді. Ал ұлттық құрама сапына 2026 жылдың басында қосылуды көздейтінін, сондай-ақ, жарыстарға да сол уақытта қатысуды жоспарлап отырғанын сауалдарға жауап кезінде атаған болатын.

Елдос Сметов 60 келіде үш рет Олимпиада ойындарынан жүлде алды. Ол Риода күміс жүлдегер атанса, Токиода күміспен күптелді. Ал Париждегі додада 5 белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама

Материалда: