Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Канададан келген баскетболшы Атырауда су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмектесіп жүр

10.04.2024, 14:51
Канададан келген баскетболшы Атырауда су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмектесіп жүр
Nur.kz

«Барыс Атырау» баскетбол клубының ойыншысы – канадалық Майкл Окафор Атырау облысында тасқыннан зардап шеккендерге көмектесіп жүр. Атап айтқанда, ол Орал өзенінің жағалауын бекітуге көмектесіп жүр. Бұл туралы облыстық ТЖД жедел штабының Telegram-каналында жазылған.

Канадалық спортшы қазір еріктілер қатарына қосылып, су тасқыны салдарымен күресуге көмектесіп жатыр.

«Су тасқыны болуы мүмкін екенін естігенде, біз командамызбен осында келдік. Қаптарға құм толтырып, су тасқынын болдырмауға тырысып жатырмыз. Қаламызды табиғи апаттан сақтап қалсақ, осы елдің тұрғыны ретіндегі борышымызды өтеген боламыз», - деді шетелдік баскетболшы.

Айта кетейік, Атырау облысының Құлсары қаласын толықтай тасқын су шайып кетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам