World Boxing ұйымы боксшылардың қараша айындағы жаңартылған рейтингін жариялады
World Boxing ұйымы боксшылардың қараша айындағы жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде Қазақстанның төрт өкілі өз салмақ дәрежесінде көш бастап тұр.
Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай (50 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бірінші орынға жайғасқан.
Махмұд Сабырхан (55 келі), Назым Қызайбай (48 келі) және Аида Әбікеева (65 келі) екінші орында тұр. Ал Азия ойындарының қола жүлдегері Алуа Балқыбекова (51 келі) бір саты жоғарылап, екінші орынға көтерілді.
Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) мен Нұрбек Оралбай (85 келі) рейтингтің үздік үштігіне енді.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен XX жазғы Азия ойындарында екі алтын және үш қола медаль жеңіп алды.