Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

NBA финалы: алғашқы матчта «Бостон» «Далласты» ойсырата жеңді (ВИДЕО)

07.06.2024, 09:14

Қос команда арасындағы келесі матч 10 маусымда өтеді

NBA финалы: алғашқы матчта «Бостон» «Далласты» ойсырата жеңді (ВИДЕО)
Getty Images

NBA плей-офф кезеңінің финалдық ойындары басталды. «Бостон Селтикс» мен «Даллас Маверикс» арасындағы серияның бірінші матчы алаң иелерінің жеңісімен аяқталды, есеп – 107:89.

Айта кетейік, қос клубтың қайсысы бірінші төрт жеңіске жетеді, сол биылғы маусымның чемпионы атанады.

Командасы жеңілсе де матчтағы ең нәтижелі ойыншы болып Лука Дончич («Даллас Маверикс») танылды. Оның еншісінде 30 ұпай мен 10 тартып алу және бір нәтижелі пас бар. Ал, оның командаласы Пи Джей Вашингтон болса 14 ұпай, 8 тартып алу және бір нәтижелі паспен үздіктер қатарына қосылды.

«Бостон» сапынан қорғаушы Джейлон Браунда 22 ұпай бар. Ол қарсыластан допты алты рет тартып алып, өзі екі рет нәтижелі пас шығарған. Ал, бүгін ғана жарақатынан айығып, қатарға қосылған Кристалс Порзингс 20+6 нәтижесімен екінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, қос команда арасындағы келесі матч 10 маусымда өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам