Астаналық команданың жылдық бюджеті 2 млрд теңгеден асады
ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы қатарынан оныншы рет жеңілді. Бұл жолы «Зенитпен» кездескен елордалық клуб 35 ұпай айырмасымен есе жіберді.
Ойынның алғашқы үш кезеңінде Санкт-Петербургтен келген қонақтар айтарлықтай басымдыққа ие болса, тек соңғы төртінші кезеңде «Астана» есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды нәтиже – 64:99.
Астаналық клуб сапынан ең нәтижелі ойыншы Маркелл Джонсон болды, оның еншісінде – 29 ұпай. Галан Смит – 19, Даниэл Утоми – 8, Асқар Майдекин – 6 және Руслан Айтқали 2 ұпай еншіледі.
Осылайша бұл маусымда небәрі 9 ұпай жинаған «Астана» турнир кестесінің соңғы сатысында келеді. Келесі ойынын елордалық клуб 30 қазанда «Саратовқа» қарсы өткізеді.