Моңғолиядағы қазақ қызы 2024 жылдың үздік спортшыларының бірі атанды

Telegram WhatsApp

Оның командасы Азиядағы үздіктердің қатарынан түскен емес

Фото әлеуметтік желіден
Фото әлеуметтік желіден

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен «Бөртэ Чоно» марапаттау салтанатында 2024 жылдың үздік спортшылары анықталды.

Жыл қорытындысы бойынша, Моңғолияның 3х3 баскетбол құрамасы ең үздік деп танылған. Бұл команданың ішінде қазақ қызы, жартылай қорғаушы Бұлбұл Мұрат та бар.

Бұлбұл Мұратқызы – спорт саласында Моңғолия қазақ қыздары арасында әлемдік деңгейде танылған алғашқы ару. Ол Моңғолияның Налайх қаласының тумасы. Қазіргі таңда «Хасын Хүлэгүүд» (Қасқырлар командасы – авт.) клубымен Моңғолияның ішкі біріншілігінде ойнап, екі рет чемпион атанған.

Бұлбұл 2018 жылы Джакартада өткен Азия чемпионатында қола медальға қол жеткізіп, 2023 жылы Ханчжоудағы Азия ойындарда күміс медальды жеңіп алған.

Қазақ қызы жылдың үздігі атанған соң «Бірінші бол» тілшісіне өз әсерімен бөлісті. 

«Жылдың үздігі марапатын алғаныма өте қуаныштымын. Баскетбол – бірлікті талап ететін ойын. Мен жеті жасымнан бастап бұл спортпен айналыстым. 3х3 командасында 2024 жылдың мамыр айынан бастап ойнап келемін. Болашақта Қазақстанға қыдырып баруды ойлап жүрмін. Бірақ түбегейлі көшіп бару ойымда жоқ. Қазіргі таңда Ұлан-Баторда анаммен және қызыммен бірге тұрамын»

деді ол

Айта кетейік, Моңғолияның 3х3 баскетбол құрамасы 2024 жылы Азия чемпионатында қола медаль, FIBA 3x3 Women’s Series Ұлан-Батор турнирінде 1-орын, FIBA 3x3 Women’s Series Chengdu турнирінде үздік бестіктен көрінген, ал FIBA 3x3 Women’s Series Wuhan турнирінде үздік үштікті түйіндеген.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 55 296 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 229 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 491 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 545 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 273 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 159 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 273 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 807 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 495 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 317 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 475