Алайда, билік өкілдері бұл талапты орындамауы мүмкін
Ресейде қызық жағдай тіркелді. РФ құрамына кіретін Тува республикасының жергілікті халқы Кызыл қаласында салынған спорт кешеніне жергілікті аңыз балуан Иван Хураганның есімін беруді талап етіп, петиция жариялады. Ол көптеген шәкірт тәрбиелеумен ғана емес, қазіргі президент Владимир Путинді татамиде бір-ақ минутта жеңгенімен де танымал.
Аталған спорт кешеніне жергілікті билік өзге балуан – Олимпиада чемпионы Иван Ярыгиннің есімін берген. Алайда, ол Кузбасс қаласында туып, Тувада бала кезінде бірнеше жыл ғана өмір сүрген екен. Ал, Хураган болса Тува спортын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан дейді петиция авторлары.
Иван Хураган 1956 жылы дүниеге келген. Ол самбо, дзюдо және еркін күрестен КСРО спорт шебері, самбодан ардагерлер арасында әлемнің екі дүркін чемпионы.
1970 жылы Мәскеуде шекарашылар, КГБ мен Кремль полкінің спортшылары арасында дәстүрлі жалпыреспубликалық біріншілік өткен. Осы жарыста Иван Хураган пен Владимир Путин белдесіп (самбо), тувалық балуан болашақ президентті небәрі бір минутта таза жеңген екен.
Иван Хураган 2023 жылы қайтыс болды.