Жеңілістен көз ашпады: «Астана» баскетболшылары тағы оңбай жеңілді

08.03.2025, 17:18

Астаналық команда 35 ойынның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен

Жеңілістен көз ашпады: «Астана» баскетболшылары тағы оңбай жеңілді
БК "Астана"

Елорданың «Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасында кезекті матчын өткізіп, тағы да оңбай жеңілді. Жеңілістен көз ашпайтын астаналық команда 35 турда небәрі бір рет қана жеңіске жеткен.

Глеб Плотников шәкірттері өз алаңында бұл жолы Екатеринбургтің «Уралмашын» қабылдады. Қонақтар матчты белсенді бастады, сөйтіп бастапқы екі кезеңде алға шықты. Ал сонан соң елордалықтардың әбден мысын басып, қарқынын тіпті үдете түсті. Нәтижесінде есеп «Уралмаштың» пайдасына 106:66 болып аяқталды.

Астаналықтар сапынан ең нәтижелі болғандар: Дэниел Утоми — 18 ұпай, Ти Джей Старкс — 13, Мағжан Сәрсенғалиев — 9, Данила Походяев пен Асқар Майдекин — 7 ұпайдан, Владислав Исаенко — 5.

11 наурызда «Астана» сырт алаңда «Пармамен» кездеседі (Пермь өңірі).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам