Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға үш боксшымыз шығады

05.12.2025, 13:06

Айқастар сағат 18:00-де басталады. 

Әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға үш боксшымыз шығады
Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін, 5 желтоқсан, Дубай төрінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының екінші күні бастау алды. IBA ұйымдастырған додада бүгін бірден үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға көтеріледі.

Алғаш болып 67 келіде сынға түсетін Санатәлі Төлтаев замбиялық Жералд Кабиндамен күш сынасады. Одан кейін 80 келі санатындағы Ерасыл Жақпеков Буркина-Фасо боксшысы Зуграна Эбенезерге қарсы өз шеберлігін көрсетпек.

Кешкі сессияда 86 келіде жұдырықтасатын Дәулет Төлемісов бразилиялық Сюза Рамон Ботагелломен кездеседі. Сондай-ақ Моңғолия құрамасы атынан бақ сынап жүрген қандасымыз Жандос Асқардың жекпе-жегін де тамашалауға мүмкіндік бар. Ал жекпе-жектер Қазақстан уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Нурмагамед Юсупов тәжікстандық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, турнирді жарқын жеңіспен бастаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам