Отандасымыз Абу-Дабиде өткен жарыста қарсыластарынан басым түсті
Қазақстандық параспортшы Ербол Хамитов Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен паралимпиялық джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Парабиатлоннан Қысқы Паралимпиада чемпионы атанған отандасымыз Абу-Дабиде өткен жарыста қарсыластарынан басым түсті. Оның айтуынша, жарыс барысында қара белбеу иелерін де жеңген.
Еске салайық, Ербол Хамитов 2026 жылы Италияда өткен Қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлонның 4,5 шақырымдық із кесу жарысында алтын медаль иеленген.