Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстандық боксшылармен жақсы араласып тұрамын – Моңғолия сапындағы қазақ боксшы

05.12.2025, 20:10

Ол 67 келіде өнер көрсетіп жатыр. 

Қазақстандық боксшылармен жақсы араласып тұрамын – Моңғолия сапындағы қазақ боксшы
Автордан

Моңғолия сапында өнер көрсететін қазақ боксшысы Асқар Жандос алғашқы жекпе-жегіне баға берді. Қандасымыз Дубайдағы әлем чемпионатында 67 келіде өнер көрсетіп жатыр. 

Дайындық жақсы болды. Әлем чемпионатының ұйымдастырылуы да жақсы. Алғашқы айқаста жеңіске жеттік. Шүкір, көңіл күй жаман емес. Бастысы, жарақат алып қалмайық деп ойлағанбыз, өкінішке қарай, үшінші раундтың соңына қарай қабақ жарылды. Екі күн демаламыз, сол аралықта емдеп, жекпе-жекке шығамыз. Әрі қарай чемпион болуға тырысамыз, - деді ол.

Былғары қолғап шебері басты қарсыластары жайлы да айтты.

Өзбекстан, Ресей боксшылары мықты. Әрине, өзіміздің бауырымыз Санатәлі бар. Ұту үшін келдік, сондықтан мақсатқа қол жеткізуге тырысамыз, - деп қосты ол.

Сонымен қатар ашық аспан астында бокстасудың қиын тұстарына да тоқталды.

Қазір бізде күн суық, ал мұнда жаз болып тұр. Бастапқыда ауа райына үйренісуге тура келді, қазір бейімделіп кеттік, - деді боксшы.

Ол отандық боксшылармен жақсы қарым-қатынаста екенін де тілге тиек етті.

Қазақ бауырларыммен араласып тұрамыз, әлеуметтік желіде бір-бірімізге қолдау білдіріп отырамыз, - деді былғары қолғап шебері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам