Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Екі адам қайтыс болған жол апаты: Энтони Джошуаның жағдайы белгілі болды

Бүгін, 12:26

Қайғылы оқиғадан екі адам қаза тапты. 

Екі адам қайтыс болған жол апаты: Энтони Джошуаның жағдайы белгілі болды
©IG/anthonyjoshua

Супер ауыр салмақта бокстан бұрынғы әлем чемпионы британиялық Энтони Джошуа Нигерияның Лагос қаласындағы ауруханадан шықты. Ол бұл медициналық мекемеге екі адамның өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасынан кейін жеткізілген еді.

Белгілі болғандай, Энтони Джошуа алдағы бірнеше күн Нигерияда қалып, үй жағдайында оңалу процесін жалғастырады.

«Энтони Джошуа сәрсенбі күні кешкі уақытта ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер оның әрі қарай үйде ем қабылдап, қалпына келуіне рұқсат берді. Алайда екі жақын досынан айырылған Джошуа күйзеліске түскен», - деп жазады Daily Mail.

Қайғылы жол апаты 29 желтоқсанда Лагос-Ибадан тасжолында болған. Джошуа мінген Lexus маркалы жол талғамайтын көлік жолдың бойында тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам - Энтони Джошуаның бапкерлері қаза тапты.

Энтони Джошуа кәсіпқой бокста 29 рет жеңіске жетіп, төрт жеңіліс тапқан. Ол бұған дейін IBF, WBA, WBO және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған. Ал соңғы жекпе-жегін 19 желтоқсанда өткізіп, америкалық блогер Джейк Полды нокаутпен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам