«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Елена Рыбакина Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алды
Теннистен жұптық сында Олимпиада чемпионы болған ресейлік Елена Веснина ТАСС агенттігіне берген сұхбатында қазақстандық Елена Рыбакинаның жетістігіне қатысты өз ойын айтты.
Еске салайық, биыл Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирде чемпион болып, әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.
– Рыбакинаның Ресей емес, Қазақстан атынан өнер көрсететіні өкіндірмей ме?
– Әрине өкінішті. Лена теннисті Ресейде бастады. Оның техникасы, мектебі – бәрі Ресейде қалыптасты. Бапкері Евгения Борисовна Куликовская онымен өте үлкен жұмыс атқарды. Бірақ, Елена қазіргі жетістігіне тек Қазақстанға ауысқаннан кейін ғана жетіп отыр. Қазақтар оған көмектесті. Бір жағынан өте өкінішті, екінші жағынан, егер ол Қазақстанға ауыспаса мұндай жетістікке жете алмас еді. Анығын ешкім айта алмайды.
Бәрібір де Лена Рыбакина да, Арина Соболенко да – біздің теннисшілер. Біз оларға өз теннисшіміз деп жанкүйер боламыз. Маған олардың қандай ту астында өнер көрсететіні маңызды емес, кімнің ойыны ұнайды – соған жанкүйер боламын.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алды. Ол тек азаматтығын ғана емес бапкерін де ауыстырған. Соңғы ірі жетістіктерінің бәріне Рыбакина хорват маманы Стефано Вуковпен бірге жетті.