Қазақ боксшысы 7 жылдан кейін әуесқой рингке оралып, жеңіске жетті

Telegram WhatsApp

Айдос Медет әуесқой боксқа жеңіспен оралды

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Айдос Медет жеті жылдық үзілістен кейін әуесқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Ол Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан IBA президенті кубогында сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшының қарсыласы Руанда өкілі Пасифик Нийонзима болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Айдос Медеттің жеңісін тіркеді.

Айта кетейік, Айдос Медет 2018 жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді. Ол биыл қаңтарда соңғы жекпе-жегін өткізіп, армениялық Азат Оганесянға (23-6, 17 KO) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен есе жіберген. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.

Қазіргі таңда Медеттің кәсіпқой бокстағы рекорды – 13 жеңіс (9 нокаут) және бір жеңіліс.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 67 245 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 222 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 254 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 1 122 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 307 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 170 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 159 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 651 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 429 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 561 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 600 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›