Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Мотиватор» Нұрлан Сабуровты бокстан жекпе-жек өткізуге шақырды

05.03.2026, 16:14

Ол айқасқа дайын екенін жеткізді.

«Мотиватор» Нұрлан Сабуровты бокстан жекпе-жек өткізуге шақырды
1bol.kz коллажы

Қазақстандық поп-ММА жауынгері Әнуарбек Бекембетов («Мотиватор» лақап атымен танымал) әйгілі стендап-комик Нұрлан Сабуровты бокстан жекпе-жек өткізуге шақырды. Спортшы бұл үндеуін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Поп-ММА-дегі өткір мәлімдемелері мен треш-токтарымен танылған Бекембетов қазақстандық әзілкешке шаршы алаңда кездесуді ұсынды.

«Нұрлан Сабуров, қалайсың, бауырым? Ресейдегі істерің жүрмей қалды ма? Бокстан бақ сынап көрмедік пе, бұл спорт түрінен хабарың бар сияқты ғой? Мен дайынмын», – деді Бекембетов.

Нұрлан Сабуров – танымал қазақстандық стендап-комик әрі тележүргізуші. 2026 жылдың басында ол көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін Ресейден депортацияланып, елге 50 жылға кіруіне тыйым салынған.

Айта кетейік, Сабуров бокспен шұғылданған және әлеуметтік желілерде жаттығуларынан үзінділер жариялап тұрады. Ол тіпті кәсіпқой боксшы Али Ахмедовпен бірге жаттығып, 2021 жылы Геннадий Головкиннің жаттығу лагерінде де дайындық процесіне қатысқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам