Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Әлемдік бокс державасы»: ресейлік блогер қазақ-өзбек боксын салыстырды

13.02.2024, 23:34

Қайда қарасаң да Өзбекстан планетаның алдында жүреді дейді ол

«Әлемдік бокс державасы»: ресейлік блогер қазақ-өзбек боксын салыстырды
Gazeta.uz

YouTube-та бокс туралы сараптамалық видеолар жариялайтын ресейлік «неКАРАтэ» каналында «Странджа кубогі» турниріне талдау жасалды. Болгария астанасында өтетін дәстүрлі жарыста биыл Қазақстан құрамасын небәрі 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын.

«Қазақстан жалпыкомандалық есепте бесінші орынға жайғасты. Бұл қалай?! Елдің боксында құлдырау бар екені анық байқалады», - дейді жоба жүргізушісі.

Ол сондай-ақ, Өзбекстан боксындағы қарқынды дамуға да тоқталып өтті. Өзбек боксшылары аталған турнирде 12 медаль жеңіп алған болатын: 5 алтын, 2 күміс және 5 қола.

«Мүмкін емес нәрсені жасады. Қайда қарасаң да Өзбекстан планетаның алдында жүреді. Қазіргі таңда әлемдегі номері бірінші бокс державасы. Мұны сеніммен айтуға болады. 5 алтын медаль – керемет», - деп сөзін түйді ол.

Еске салайық, Қазақстан сапынан «Странджа кубогінде» 67 келіде өнер көрсеткен Дулат Бекбауов алтын медаль иегері атанды. Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай болса финалда үнді боксшысынан жеңіліп, күмісті місе тұтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам