Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Иван Дычко британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді

Бүгін, 10:19

Қазақстандық былғары қолғап шебері соңғы рет 2025 жылдың 13 қыркүйегінде рингте жеңілген

Иван Дычко британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді
әлеуметтік желі

Иван Дычко келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы 6 маусым күні Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 7 турнирінде шаршы алаңға қайта оралады.

Дычконың қарсыласы кәсіби рингте әлі жеңіліп көрмеген британдық Харви Дайкс болмақ. Он раундқа жоспарланған кездесу бокс кешінің алдын ала бағдарламасы аясында өтеді.

Қазақстандық былғары қолғап шебері соңғы рет 2025 жылдың 13 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұдырықтасқан еді. Ол кезде Сауль Альварес пен Теренс Кроуфордтың қатысуымен өткен ірі бокс кешінде америкалық Джермейн Франклинге төрешілердің бірауыз шешімімен есе жіберген болатын. Бұл Дычконың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.

Ал Харви Дайкс соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында Англияның Брайтон қаласында өткізіп, Беларусь өкілі Виктор Чварковты ұпай санымен жеңген еді.

Осылайша, Иван Дычко алғашқы жеңілістен кейін қайта жеңіс жолына түсуге мүмкіндік алса, британдық боксшы кәсіби мансабындағы жеңіліссіз сериясын сақтап қалуға тырысады. Екі спортшының текетіресі аса ауыр салмақтағы маңызды кездесулердің бірі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам