Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ресей атынан шығудан бас тарттым»: Шайдоров ел естімеген оқиғасын бөлісті

Бүгін, 19:05

Олимпиада чемпионы Сочидегі жаттығу кезінде болған ерекше оқиғаны да еске алды

«Ресей атынан шығудан бас тарттым»: Шайдоров ел естімеген оқиғасын бөлісті
Ақорда

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров кезінде Ресей құрамасына ауысу туралы ұсыныс алғанын айтты. Бұл туралы Олимпиада чемпионы Тимур Балымбетовтің YouTube арнасына берген сұхбатында бөлісті.

Шайдоров әңгіме барысында Ресейдегі жаттығу кезеңін еске алды. Оның айтуынша, 2018-2020 жылдар аралығында түрлі жарақаттар маза бермегенімен, кейін нәтижесі жақсарып, спорттық мансабында үлкен серпіліс болған.

Спортшы дәл сол кезеңде күрделі төрттік секірулерді сәтті орындай бастағанын айтты. Осыдан кейін ол Қазақстан құрамасына қабылданып, мемлекеттік қолдау ала бастаған. Алайда пандемиядан кейін оған Ресей атынан өнер көрсету туралы ұсыныс түскен.

«Ресейде мені байқап, өз құрамаларына шақырды. Бірақ бұл ұсыныс мен үшін күтпеген жағдай болды. Мен ондай нұсқаны мүлде қарастырған емеспін. Әкем де бірден бас тартты. Біз өз елімізді жақсы көреміз», — деді Шайдоров.

Сонымен қатар Олимпиада чемпионы Сочидегі жаттығу кезінде болған ерекше оқиғаны да еске алды. Оның айтуынша, мұз айдынында бейтаныс әйел одан Қазақстан туралы сұраған.

«Бір әйел келіп: «Балам, сенің елің қалай аталады?» деп сұрады. Бұл мен үшін таңғаларлық жағдай болды. Өйткені біз дәл Денис Тен Олимпиада медалін алған Сочиде жүргенбіз. Мен артық реакция танытпай, «Жақында білесіз» деп жауап бердім», — деді спортшы.

Айта кетейік, Денис Тен 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада медалін жеңіп алған еді. Ал Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадада ел тарихындағы алғашқы алтын жүлдені сыйлап, қазақстандық спорт тарихына есімін алтын әріппен жазды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам