Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Бұл – соңғы жорығым»: Садриддин Ахмедов мансабына қатысты маңызды шешімін жариялады

Бүгін, 17:37

Қазақстандық боксшы бес жылдық жоспарын айтты

«Бұл – соңғы жорығым»: Садриддин Ахмедов мансабына қатысты маңызды шешімін жариялады
instagram.com/sadriddin_____soq

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов әлеуметтік желідегі парақшасында мансабына қатысты маңызды мәлімдеме жасап, әлем чемпионы атағына апарар соңғы жорығын бастайтынын хабарлады.

Жеңілістің ащы дәмін татпаған отандасымыз бұл жолдың оңай болмайтынын атап өтті.

«Бұл спорттағы жол өте ауыр. Бұл – менің титул үшін соңғы жорығым. Алдағы бес жылда осы спорттың ең биік шыңына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Өмірдің сынақтары мен жарақаттары әрдайым мақсатына ұмтылған адамның соңынан ереді. Бірақ еңбекқорлық пен батылдық бар адамды олар ешқашан тоқтата алмайды. Сондықтан еңбегіміз бен қайсарлығымыз ешқашан сарқылмасын», – деп жазды Ахмедов.

Еске салайық, 28 жастағы Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың сәуір айында өткізіп, мексикалық Элиас Эспадаспен тең түскен болатын. Бұл нәтиже оның кәсіпқой мансабындағы алғашқы тең ойын болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам