Карлос Адамес Zuffa Boxing промоутерлік ұйымымен келісімшартқа отырған
Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың менеджері Эгис Климас орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адаместі міндетті жекпе-жектен жалтарып жүр деп сынады. Ол доминикандық боксшыны қазақстандық спортшымен кездесуге шақырды.
Бұған дейін Карлос Адамес Zuffa Boxing промоутерлік ұйымымен келісімшартқа отырғанын мәлімдеген еді. Осы жазбасына қатысты пікір білдірген Эгис Климас әлеуметтік желіде чемпионға сұрақ қойды.
«Бәрін бір қатарға тұрғызбақсың ба? Сенің міндетті қарсыласың бар. Мейірім Нұрсұлтанов дайын. Әлде сен одан қашып, түрлі сылтау айта бересің бе?», – деп жазды менеджер.
Бұған дейін Мейірім Нұрсұлтанов пен америкалық Хесус Рамос арасындағы уақытша чемпиондық белбеу үшін өтуі тиіс жекпе-жек жүзеге аспады. Осыдан кейін WBC ұйымы Карлос Адамеске Нұрсұлтановпен кездесуді міндеттеген болатын. Алайда әзірге бұл жекпе-жектің ұйымдастырылуына қатысты нақты ілгерілеу жоқ.
Қазақстандық боксшы рингке соңғы рет үш жылға жуық уақыт бұрын шыққан. Сондықтан Адамеспен келіссөздердің қанша уақытқа созылатыны және жекпе-жектің қашан өтетіні әзірге белгісіз.