Қазақстанның 20 жас боксшысы әлем чемпионатында бақ сынайды

Telegram WhatsApp

Будвада әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салады

ҚБФ
ҚБФ

15–27 қазан аралығында Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен U19 санатындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы жарысқа қатысатын боксшылар тізімін жариялады.

Әлемдік додаға 80-ге жуық елден 550 спортшы қатысады деп жоспарланған. Олар ерлер мен әйелдер арасында он салмақ дәрежесінен, жалпы 20 салмақта чемпиондық атақты сарапқа салады.

Бақыт Сәрсекбаев баптайтын ерлер құрамында биылғы Азия чемпиондары Бибарыс Әшірбай мен Владислав Саможонов бар. Сондай-ақ наурыз айында Будвада өткен «Адриатика жауһары» халықаралық турнирінде жеңіске жеткен Әділ Асқанбай мен Данияр Ақбисенов те әлем чемпионатында бақ сынайды.

Ерлер құрамасы:

  • 50 келі — Әділ Асқанбай
  • 55 келі — Айдос Үсенов
  • 60 келі — Данияр Ақбисенов
  • 65 келі — Ақжүрек Қалабай
  • 70 келі — Бибарыс Әшірбай
  • 75 келі — Әмір Рамазан
  • 80 келі — Тимур Тайбеков
  • 85 келі — Руслан Ахметов
  • 90 келі — Еркетаң Жарқынбек
  • +90 келі — Владислав Саможонов

Әйелдер құрамында Камила Оспановаға ерекше назар аударуға болады. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін боксшы 2025 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанып, биыл Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Айдана Убайдуллақызы да халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Ол наурыз айында Таиландта өткен Futures Cup турнирінде топ жарды. Ал аса ауыр салмақтағы Азия чемпионы Зарина Толыбай әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.

Бұдан бөлек, Будвада өткен «Адриатика жауһары» халықаралық турнирінде Мадира Жұмақан, Алина Құдайгенова және Алтынгүл Аймұхан жеңімпаз атанған.

Әйелдер құрамасы:

  • 48 келі — Жадыра Қалтай
  • 51 келі — Мадира Жұмақан
  • 54 келі — Жанель Имантаева
  • 57 келі — Алина Құдайгенова
  • 60 келі — Индира Қыдырмолдаева
  • 65 келі — Айсұлу Мұхит
  • 70 келі — Камила Оспанова
  • 75 келі — Алтынгүл Аймұхан
  • 80 келі — Айдана Убайдуллақызы
  • +80 келі — Зарина Толыбай

Айта кетейік, World Boxing ұйымы U19 санатындағы әлем чемпионатын алғаш рет 2024 жылы АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткізген. Сол жарыста Қазақстан құрамасы екі күміс медаль жеңіп алған.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 40 669 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 59 915 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 41 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 73 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 72 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 465 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 342 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 535 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 584 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 292 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 175 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 309
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
12
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Бетис
12
6
Арсенал
11
7
Манчестер Сити
10
8
Боруссия (Дортмунд)
10
9
Астон Вилла
9
10
Ливерпуль
9
11
Брюгге
9
12
Спортинг (Лиссабон)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›