Сәкен Бибосынов 9 қазанда жаттығу кезінде омыртқасынан жарақат алған
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханадан түскен суретін жариялап, жазба қалдырды. Қазіргі уақытта спортшы жаттығу кезінде алған жарақатынан кейін ауруханада ем қабылдап жатыр.
«Өмірдегі әрбір сынақтың артында бір сабақ, әрбір нығметтің артында мың шүкір бар», – деп жазды боксшы.
Сәкен Бибосынов 9 қазанда жаттығу кезінде омыртқасынан жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Жарақатына байланысты Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды.
Айта кетейік, биыл тамыз айының соңында Сәкен Бибосынов Астанада өткен IBA Nomad турниріндегі кәсіпқой жекпе-жек кезінде саусағын сындырып алған болатын.