Канело Альварес қазіргі заманның үздік бес боксшысын атады

Сауль Альварес – әлемдегі ең жоғары гонорар алатын боксшылардың бірі

Global Look Press
Global Look Press

Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес салмақ дәрежесіне қарамастан, қазіргі заманның үздік бес боксшысын атады. Бұл туралы мексикалық боксшы DAZN арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Альварестің тізіміне украиналық Александр Усик, жапониялық Наоя Иноуэ, ресейлік Дмитрий Бивол және америкалық Шакур Стивенсон мен Джервонта Дэвис енді.

Айта кетейік, Сауль Альварес – әлемдегі ең жоғары гонорар алатын боксшылардың бірі. Ол жартылай орта, бірінші орта, орта, екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде өнер көрсеткен. Сондай-ақ The Ring журналының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан, әлемнің үздік боксшысы атанып, екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы болған.

Қазақстандық жанкүйерлерге мексикалық боксшы Геннадий Головкинмен өткізген үш жекпе-жегі арқылы жақсы таныс. Екі боксшы 2017, 2018 және 2022 жылдары кездескен. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, кейінгі екі кездесуде төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жеткен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам