Боксшы Зарина Толыбай әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Енді ол финалға шығу үшін түркиялық Мирай Догрумен кездеседі

ҚБФ
ҚБФ

Қазақстандық боксшы Зарина Толыбай Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Толыбай ширек финалда Тувалу өкілі Френцис Таафакімен кездесіп, қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек барысында төреші қарсыласына үш рет, ал қазақстандық боксшыға бір рет нокдаун санады.

Осы жеңістің арқасында Зарина Толыбай әлем чемпионатының кемінде қола жүлдесін қамтамасыз етті. 

Айта кетейік, Зарина Толыбай — жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қазіргі чемпионы. Енді ол финалға шығу үшін түркиялық Мирай Догрумен кездеседі.

Будвада өтіп жатқан әлем чемпионаты 27 қазанда аяқталады. Турнирге 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысып жатыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам