ІІМ курсанты – боксшы Әли Бауыржан BoxRec рейтингінде 9-орынға көтерілді

Telegram WhatsApp

Әли Бауыржан әуесқой бокста кадеттер мен жастар арасында Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, Азия чемпионатында үшінші орын алған

Фото: Әли Бауыржанның жеке мұрағатынан
Фото: Әли Бауыржанның жеке мұрағатынан

Қарағанды бокс мектебінің түлегі, Ішкі істер министрлігі академиясының  курсанты Әли Бауыржан BoxRec рейтингінде қазақстандық боксшылар арасында тоғызыншы орынға көтерілді.

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Әли кәсіпқой боксқа биыл аяқ басқан болатын. Жыл басынан бері дебюттің екі жекпе-жек өткізіп, екеуін де нокаутпен жеңді. Соңғысында тәжік қарсыласын небәрі 57 секундта ұрып құлатқан. Осы жетістігінен кейін ол бірден рейтингте ТОП-ондыққа кірген.

Әли Бауыржан әуесқой бокста кадеттер мен жастар арасында Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, Азия чемпионатында үшінші орын алған.

Әли – ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 4-курс курсанты. Ол болашақ полиция офицерінің қатаң тәртібі мен казармалық өмірін үлкен спортпен сәтті ұштастырып келеді. Сонымен қатар Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Арлан» спорт клубының намысын абыроймен қорғап жүр.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 54 847 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 217 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 483 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 540 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 271 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 157 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 270 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 806 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 316 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 471