«Жарты гонорарға да келісер едім»: Якоб Банк Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектің маңызы туралы айтты

Telegram WhatsApp

Жекпе-жек 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында өтеді

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Даниялық боксшы Якоб Банк (20-0, 11 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен өтетін жекпе-жегі үшін алатын гонорары туралы айтты.

TV Syd басылымына сұхбат берген Банк бұл айқас мансабындағы ең жоғары табыс әкелетін жекпе-жек болатынын мәлімдеді. Дегенмен ол үшін Данияда жұдырықтасу қаржылық мәселеден де маңызды болғанын жасырмады.

«Бұл – бүгінге дейінгі ең үлкен гонорарым. Алайда жекпе-жекті Данияда ұйымдастыру мүмкіндігі болса, бастапқы кезден-ақ гонорарымның жартысына жұдырықтасуға дайын едім»

деді дат боксшысы

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк арасындағы жекпе-жек 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында өтеді. Бұл кездесуде екінші орта салмақта (76,2 келіге дейін) бос тұрған WBO чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Бұған дейін аталған титулдан британиялық Хамза Шираз бас тартқан болатын.

Қазақстандық боксшы үшін бұл жекпе-жек екінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атануға мүмкіндік береді. Бұған дейін Әлімханұлы орта салмақта (72,6 келіге дейін) WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді иеленген. Кейін ол мансабын ауырлау салмақ дәрежесінде жалғастыратынын мәлімдеді.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 55 762 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 238 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 492 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 556 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 273 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 161 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 275 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 813 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 496 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 322 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 299 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 476
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Астон Вилла
9
7
Манчестер Сити
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›