Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Желі қолданушылары Жәнібек Әлімханұлының Бенавидестен жеңілетініне сенімді

25.03.2024, 17:32

Жәнібек былтыр қазан айынан бері өзіне лайықты қарсылас іздеп келеді

Желі қолданушылары Жәнібек Әлімханұлының Бенавидестен жеңілетініне сенімді
Instagram/janibek_alimkhanuly

Twitter әлеуметтік желісіндегі FanScorecard парақшасында Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) мәлімдемесіне қатысты сауалнама жүргізілді. Бұған дейін қазақ боксшысы америкалық Дэвид Бенавидесті (28-0, 24 КО) жекпе-жекке шақырған болатын.

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы былтыр қазан айында соңғы жекпе-жегін өткізгелі бері өзіне лайықты қарсылас таппай келеді. Ол әлеуметтік желі арқылы Сауль «Канело» Альварестен бастап орта салмақтағы барлық чемпионға шақырту тастаған. Алайда, олардың ешбірі әлеуметтік желіде Жәнібекті оқымаса керек, жауап қатқан жоқ.

Ал, Жәнібектің соңғы жазбасына (Бенавидеске қатысты) FanScorecard парақшасы үн қатып отыр. Аталған парақша иесі «қос боксшы жұдырықтасқан жағдайда қайсысы жеңеді» деп сауалнама жүргізген. Сұрақ-жауапқа барлығы 836 адам қатысып, олардың 65,3 пайызы Бенавидесті таңдаған. Қалған 34,7 пайызы Жәнібектің жеңетініне сенімді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам