Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Бүгін қазақстандық үш боксшы сайысқа түседі

26.03.2024, 13:53

Халықаралық турнирдің үшінші күнінде кейбір салмақ дәрежесінде жартылай финал басталады

«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Бүгін қазақстандық үш боксшы сайысқа түседі
Қазақстан бокс федерациясы

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінің үшінші жарыс күнінде үш боксшымыз шаршы алаңға шығады.

Халықаралық турнирдің үшінші күнінде кейбір салмақ дәрежесінде жартылай финал басталады. Ел құрамасы сапында 67 келі салмақта Бақтияр Смағұлов ширек финал жекпе-жегін өткізеді.

Ал 86 келіде Бекзат Таңатар мен 92 келіде Сағындық Тоғамбай жартылай финалда жұдырықтасады. Сондай-ақ ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Дархан Дүйсебай 71 (келі) қарсыластарын орта жолда қалдырды.

Ал ел құрамасынан Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолын ерте аяқтады.

Халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы сынға түсуде. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия боксшылары бар. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам