«Ордабасы» ойынды тағы сатты ма? ҚПЛ-де сауда қызды. Жаңа подкаст!

Үнемі марапаттаудан шет қалатын Тұрсынғали Еділовке алғаш рет құрмет көрсетілді

03.07.2024, 12:11

Тұрсынғали Еділовтің ерлігі әлі күнге аңыз болып айтылады

Үнемі марапаттаудан шет қалатын Тұрсынғали Еділовке алғаш рет құрмет көрсетілді
ҰОК

Ғасырлар тоғысында Австралияның Сидней қаласында өткен Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан құрамасы жеті боксшымен барып, 4 медаль алған еді. Оның ішінде екеуі алтын болды.

Сол боксшыларды баптаған Тұрсынғали Еділовтің ерлігі әлі күнге аңыз болып айтылады. Дегенмен даңқты бапкер соңғы жылдары салтанатты іс-шаралардан қалыс қалып жүретін. Осы жолы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп ардагер маманның иығына шапан жапты.

Алматыда Бангкокте (Таиланд) өткен соңғы лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған қазақстандық үш боксшы марапатталды. Салатантты іс-шарада ардагер спортшылар мен бапкерлерге де құрмет көрсетілді. Олардың арасында Тұрсынғали Еділов те болды.

«Сидней-2000 Олимпиадасындағы құраманы көрмегенімізге біраз болып еді. Сол боксшыларды бастап барған Тұрсынғали Еділов құрметті қонақтардың қатарында болды», - дейді журналист Аян Төлеген.

Федерация президенті Тұрсынғали Еділов пен боксшы Ермахан Ыбырайымовтың иығына шапан айтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам