Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Дусматов Париж алдында Бибосынов туралы пікір білдірді

04.07.2024, 16:45

Рио олимпиадасының чемпионы Париж олимпиадасындағы қарсыластары туралы айтты

Дусматов Париж алдында Бибосынов туралы пікір білдірді
sports.kz

Өзбекстандық танымал боксшы, Рио олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматов Париж олимпиадасындағы қарсыластары туралы сауалға жауап берді.

Тілшілердің бірі одан Франция астанасында кімді басты қарсылас санайтынын сұраған. Дусматов: «Ешкімді бөле-жармаймын, бәріне бірдей дайындаламын», - деп жауап берді. 

Бұдан бөлек қазақстандық қарсылас Сәкен Бибосынов туралы да айтты.

«Боксшы Сәкен Бибосыновпен рингте үш рет кездескенбіз. Ол да Париж олимпиадасына жақсы дайындықпен келеді. Құдай қаласа, біз де жақсы дайындалып барамыз», - деді ол.

Бибосынов пен Дусматов соңғы рет Қытайда өткен Азия ойындарында кездесіп, жерлесіміз өзбек боксшысына жол берген. Ал Сербия астанасы Белградта өткен әлем біріншілігінде Сәкеннің мерейі үстем болды. 

Айта кетейік, Париж олимпиадасына Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары толық құрамда барады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам