Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Жеңісімді ұрлады»: аргентиналық боксшы қыз Ангелина Лукасты алаяқ деп айыптады

07.10.2024, 09:45

Бұған дейін Лукастың қарсыласын тістеп алғаны туралы да жазылған

«Жеңісімді ұрлады»: аргентиналық боксшы қыз Ангелина Лукасты алаяқ деп айыптады
instagram.com/angelina_lukas1997/

IBO чемпионы үшін болған жекпе-жекте қазақстандық Ангелина Лукастан (11-1, 5 КО) жеңіліп қалған аргентиналық Дебора Лопес (11-1, 5 КО) әділетсіздікке тап болғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 10 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде Лукас төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды. Ол аса жеңіл салмақта IBO чемпиондық белбеуін еншіледі.

«Мені қолдағандарға, маған сенгендерге және жеңгенімді айтып СМС жазып жатқандардың бәріне алғыс айтамын. Мен бақыттымын, біз бақыттымыз. Біз жеңгенімізді көріп отырмыз және содан ләззат алдық. Ал, олар алаяқтыққа барды, қолғабын ауыстырып, тағы біраз әрекет істеді. Олар менің жеңісімді ұрлады. Бірақ, біз атқарылған жұмысқа көңіл толатынын айтқымыз келеді. Сондықтан, қолдау үшін баршаңызға тағы да алғыс айтамын. Құдай қаласа, желтоқсанда АҚШ-та жекпе-жек өткіземін», - деп мәлімдеді Лопес жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік, бұған дейін бокс туралы жазатын Tim Boxeo Х-парақшасы да Лукастың лас жұдырықтасқанын жазған болатын. Ол қазақстандық боксшы қыздың қарсыласын 4-5 рет тістеп алғанын, бірнеше рет желкеден ұрғанын айтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам