Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады
Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды. 66 келіде өнер көрсететін Милана Сафронованың қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысры, жеңіс отандасымызға беріліп отыр.
Айта кетейік, Милана бүгін тайпэйлік Ли Минмен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда, жекпе-жекке бірнеше сағат қалғанда қарсылас рингке шықпайтынын мәлімдеді.
Енді Сафронова 7 желтоқсанда Өзбекста - Таиланд боксшыларының қай жеңгенімен жекпе-жек өткізеді. Ұтса финалда Азия чемпионы атағына таласады.
Айта кетейік, Милана Сафронова Қазақстанның үш дүркін чемпионы. 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2021 жылы Азия чемпионы болған.