«Ливерпульге» жеңіс керек емес. «Реалға» жанымыз ашиды. «Мансити» қашан қатарға қосылады?

Азия чемпионаты: 9 боксшымыз финалда бақ сынайды

09.12.2024, 09:39

Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 желтоқсанда өтеді

Азия чемпионаты: 9 боксшымыз финалда бақ сынайды
Спортты дамыту дирекциясы

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалдық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының он боксшысы жартылай финалда өнер көрсетіп, тоғыз отандасымыз финалға шықты.

-48 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай жапондық Казума Аратакені сенімді түрде жеңді.

-54 келіге дейін: Махмұд Сабырхан тайландтық Саравут Сукхтеттен басым түсті.

-57 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов моңғолиялық Лундаа Гантумурды жеңіп, финалға өтті.

-67 келіге дейін: Дулат Бекбауов тәжікстандық Шухрат Саломатовтан айласын асырды.

-71 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов тағы бір тәжік боксшысы Шохобжон Шукуровты жарыстан шығарды.

-75 келіге дейін: Диас Молжігітов украиналық Павло Илюшаны жеңіп, финалға жолдама алды.

-80 келіге дейін: Өкінішке орай, Ерасыл Жақпеков өзбекстандық Турабек Хабибуллаевқа жол берді.

-86 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов украиналық Данило Жасанды жеңіп, финалға шықты.

-92 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай жартылай финалда қытайлық Туймяо Люді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға өтті.

-92 келіден жоғары: Айбек Оралбай өзбекстандық Джаһонгир Зокировты жеңіп, алтынға таласатын болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам