Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстанда бокстан әлем кубогы өтеді

23.01.2025, 10:31

Аталған жарыс үш кезеңнен тұрады

Қазақстанда бокстан әлем кубогы өтеді
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясы мүшелікке өткен World Boxing ұйымы 2025 жыл бойынша өтетін ресми жарыстар күнтізбесін жариялады. Соның ішінде бірнеше кезеңнен тұратын әлем кубогының өтетін уақыты да белгілі болды.

Еліміздің бокс федерациясының мәліметінше, әлем кубогының екінші кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылмақ.

Бокстан әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы болып бекітілген. Биыл жыл бойы үш кезең бойынша өткізіліп, қараша айында финалдық бәсекемен аяқталады.

Айта кететін жайт, биыл ересектер арасындағы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек күндері Ұлыбританияда өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам