Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Илья Ильиндікі - алаяқтық. Спортшыларымызды өзіміз допингпен ұстап беріп жатырмыз

03.01.2024, 12:35

Қазақстанда Допингке қарсы ұлттық орталық жұмыс істейді. Жыл сайын Германияға 3000 допинг сынамасын өткізеді екен.

Мемлекеттен миллиардтар бөлінетін бұл орталық кімнің мүддесі үшін жұмыс істеп отыр? Спортшылардың бірі 38 рет допинг сынамасын өткізген? Орталықтың көксегені не? Бұл мәселені БІРІНШІ БОЛ подкастында белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов көтерді. 

Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай және Аслан Қаженов жылды қорытындылап, спорттағы реформа, допинг мәселесі, Париж олимпиадасы жайында сөз қозғады. 

Жуырда бокстан ұлттық құрама капитаны Асыланбек Шымбергенов Астанада өткен "IBA чемпиондар кешінде" мексикалық Хосе Мигель Боррегомен жекпе-жек өткізіп, нокдаун алды. Құрама лидерінің жеңілісі Париж олимпиадасы қарсаңында психологиялық соққы болуы мүмкін бе?

Одан бөлек, спорттағы ғылым сөз болды. Аслан Қаженов Қазақстанда кейбір спорт бапкерлері баланы 5-6 жасынан бастап бокс мектебіне алып, болашағына "балта шауып" жатқанын айтты. 

Спорт сарапшылары 2024 жылы өтетін Париж олимпиадасында кімдер жүлделі болатынын да айтты. Арасында инсайд ақпарат та бар. 

Подкасты соңына дейін көріңіз. Қазақ спортындағы біраз мәселе айтылды.  

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам