Кәсіпқой бокс: Махмұд Сабырханға жаңа қарсылас іздеп жатыр

25.03.2025, 12:53

Ұйымдастырушылар жекпе-жекке санаулы күн қалғанда қарсыластарды алмастырып жатыр

Кәсіпқой бокс: Махмұд Сабырханға жаңа қарсылас іздеп жатыр
IBA

5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасатын Махмұд Сабырханға ұйымдастырушылар жаңа қарсылас іздеп жатыр. Бұл туралы sportbugin.kz сайты жазды.

Бұған дейін Махмұд Сабырхан филиппиндік Джэй Фрэнсис Бураймен (13-3-1, 3 КО) жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын. Алайда, Бурайдың Астанаға келмейтіні анықталып отыр.

Осылайша, бокс кешіне небәрі 10 күндей уақыт қалғанда Махмұд Сабырханның қарсыласы жоқ. Бұл – оның кәсіпқой бокстағы дебюті екенін де айта кету керек.

Кәсіпқой бокс кешін ұйымдастырып отырған Nomad Promoutions компаниясы Балауса Мұздыманға да уәде еткен америкалық боксшыны әкеліп бере алмады. Қазақтың боксшы қызы мансабында алғаш рет азулы қарсылас – Розалинда Родригеспен (14-0, 3 КО) күш сынасуы тиіс еді. Алайда, жнкүйерлер бұл жекпе-жекті көре алмайды. Оның орнына Балауса филиппиндік Мария Тереза Пинилимен жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды2
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам