
Жерлесіміздің қарсыласы – поляк Матеуш Павловски
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (6-0, 4 КО) шаршы алаңға келесі айда оралатынын мәлімдеді.
Темиров жекпе-жегін 12 сәуір күні Квакенбрюкте (Германия) өткізеді. Ал жерлесіміздің қарсыласы – поляк Матеуш Павловски (3-4, 2 КО).
Бірінші орта салмақ дивизионындағы кездесу алты раундқа есептелген.
Шоу ұйымдастырушыларының әлеуметтік желідегі парақшасында айқастың ресми аңдатпасы жарияланды.
Айта кетейік, 24 жастағы Виктор Темировті кәсіпқой бокста көпшілік «Қасап» деп атайды. Дегенмен Германияда оны Геннадий Головкинге ұқсататындар бар. Головкин де карьерасын осы елде бастаған.