
Қазақстан құрамасына бұл жолы да басты бәсекелес өзбек боксшылары болады
Бүгін Бразилияда бокстан Әлем кубогі жалауын көтерді. Қазақстан құрамасы аталған жарысқа сегіз салмақ дәрежесінде боксшылар апарған болатын. Олардың алғашқы қарсыластары жеребе тарту рәсімінде анықталды.
Айта кетейік, жарысты World Boxing ұйымы ұйымдастырып отыр. Бұл додаға әлемнің 130 елінен боксшылар қатысады. Азиядан Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Тайпей елдері бар.
50 келі (8 боксшы)
¼ финал: Нұрзат Оңғаров (Қазақстан) – Асылбек Жалилов (Өзбекстан, 2024 жылғы Азия чемпионы)
55 келі (12 боксшы)
1/8 финал: Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан) – Майкл Триндаде (Бразилия, Париж Олимпиадасының қатысушысы, 2021 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында Махмұд Сабырханға есе жіберген)
60 келі (7 боксшы)
¼ финал: Талғат Сырымбетов (Қазақстан) – Луиз Оливейра (Бразилия, Париж Олимпиадасының қатысушысы)
65 келі (10 боксшы)
1/8 финал: Алмат Әбдуәлі (Қазақстан) – Юри Рейес Фалькао (Бразилия, 2023 жылғы Әлем чемпионатының қатысушысы)
70 келі (12 боксшы)
¼ финал: Дархан Дүйсебай (Қазақстан) – Макан Траоре (Франция, Париж Олимпиадасының қатысушысы, 2023 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында Асланбек Шымбергеновке есе жіберген) немесе Криштиану Перейрамен (Бразилия) кездеседі.
80 келі (11 боксшы)
¼ финал: Диас Молжігітов (Қазақстан) – Никоден Козак (Польша)
Бұл жұптың жеңімпазын жартылай финалда 2021 жылғы Әлем чемпионы Робби Гонзалес (АҚШ) немесе 2024 жылғы Азия чемпионы Жавохир Умматалиев (Өзбекстан) күтіп тұр.
85 келі (7 боксшы)
½ финал: Дәулет Төлемісов (Қазақстан)
Жартылай финалда Абдулайе Траоре (Франция, 2023 жылғы «Странджа» турнирінде Бекзат Нұрдәулетовтен жеңілген) немесе Жугно Жугномен (Үндістан, 2024 жылғы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері) кездесуі мүмкін.
+90 келі (7 боксшы)
¼ финал: Даниял Сапарбай (Қазақстан) – Нарендер (Үндістан, 2023 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері)
Бұл жұптың жеңімпазын жартылай финалда Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) күтіп тұр.