Қазақ боксшылары Миланда қанша жолдама ала алады – Айтжанов жауап берді

Telegram WhatsApp

Биыл Олимпиадаға жолдама беретін екі халықаралық жарыс болады

olympic.kz
olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Миланда өтетін олимпиадалық іріктеу турниріне белгілеген жоспарымен бөлісті. Білікті маман Қазақпаратқа берген сұхбатында бұл сынның боксшылар үшін аса жауапты екенін атап, Олимпиада ойындарына қанша жолдама алуды көздеп отырғанын айтты.

«Барлығын уақыт, ринг көрсетеді. Қалған алты лицензияның бәрін жеңіп аламыз деп уәде беруден аулақпыз. Біз таласатын салмақта жолдама ала алмай қалған әлемнің қаншама мықты боксшылары бар. Олардың да арманы бізбен бірдей – қарсыласын ұтып, жолдамаға қол жеткізу. Қазір бокста бәсекелестік аса жоғары. Сол үшін Миланға аса жоғары деңгейдегі дайындықпен баруды көздеп отырмыз»

деді ол

Сондай-ақ, М.Айтжанов Миланда жолы болмаған боксшылар тағы қандай жарыстарда лицензияға таласатынын атап өтті.

«Осы жылы бірінші лицензия тарататын жарыс Италияда өтсе, екіншісі Тайландта болады. Біріншісінде – 49, ал екіншісінде 51 лицензия ойнатылады деп жоспарланып отыр. Менің қазіргі басты мақсатым – аталған қос лицензиялық турнирге аса жоғары деңгейде дайындалып, қалған алты салмақтағы жолдаманы жеңіп алу. Жолдама қолға түссе, Парижде Токиода кеткен есені қайтарып, қазақ боксшыларын Олимпиаданың жеңіс тұғырынан көрсету»

деді бас бапкер

Париж олимпиадасында боксшылар 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Бұл ретте Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге жалғыз жолдама бар. Оны Қытайда өткен Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев иеленді.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 55 151 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 229 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 491 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 544 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 271 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 159 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 273 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 807 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 316 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 471