
Дулат Бекбауов пен Мариос Матамба арасындағы жекпе-жек 11 шілде күні Алматы қаласында өтеді.
Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауовтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы анықталды.
«Мариос Матамба (13-2, 10 КО) – Дулат Бекбауов (дебют). Жартылай орта салмақтағы сегіз раундтық жекпе-жек. Мариос – Конгода туған, 30 жастағы тәжірибелі әрі титулды боксшы. Ол әлемнің үздік 150 боксшысының қатарына кіреді, WBO Africa және IBF African белбеулерінің иегері, жастар және жасөспірімдер арасындағы Африка чемпионы. Дулат – бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Жасы – 30-да. Әлем және Азия чемпионаттарының финалисі, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бұл жекпе-жек Бекбауовтың кәсіби бокстағы дебюті болмақ», – деп жазды RD Promotion промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі.
Дулат Бекбауов пен Мариос Матамба арасындағы жекпе-жек 11 шілде күні Алматы қаласында өтеді.