
Оңтүстік Корея елінің өкілі Шин Джиёнмен жұдырықтасты
Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогының екінші жарыс күнінде 55 келіде ел намысын қорғап жатқан Махмұд Сабырхан жарысты сәтті бастады.
Отандасымыз Оңтүстік Корея елінің өкілі Шин Джиёнмен жұдырықтасты. Жекпе жек басталғаннан-ақ шабуылға лап қойған Махмұд мықтылығын айқын мойындатып шықты. Қарсыласын екінші раундта екі рет нокдаунға түсірді.
Еске салсақ, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) пен Әнел Сақыш (54 келі) жарысты аяқтаған болатын. Ал Назым Қызайбай (48 келіге дейін) мен Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі) ширек финалға өткен еді.
Айта кетейік, Астанадағы Әлем кубогында 31 мемлекеттен келген 300 боксшы бақ сынайды.Бұл қатысушылар саны бойынша өзіндік рекорд саналады. Себебі Бразилиядағы турнирге 19, Польшадағы бәсекеге 24 елден боксшылар қатысқан болатын. Сондай-ақ 8 мемлекет Әлем кубогына алғаш рет қатысып жатыр.