ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Сенсация: Өзбек боксшысы Олимпиада чемпионын жеңіп, чемпион атанды (ВИДЕО)

06.07.2025, 20:48

65 келі салмақта Хамидова атақты түрік спортшысы Бусеназ Сюрменелимен қолғап түйістірді

Сенсация: Өзбек боксшысы Олимпиада чемпионын жеңіп, чемпион атанды (ВИДЕО)
olympic.uz

Өзбекстандық боксшы Навбахор Хамидова Астанада өткен World Boxing Кубогының финалында өнер көрсетті.

65 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте Хамидова атақты түрік спортшысы Бусеназ Сюрменелимен қолғап түйістірді. Ақтық сында Навбахор Хамидова сенсация жасап, тәжірибелі қарсыласы Бусеназ Сюрменеліні 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша ол Әлем кубогінің чемпиондық атағын иеленіп, өзінің спорттық мансабындағы ең ірі жетістіктерінің біріне қол жеткізді. Ал Олимпиада және бірнеше дүркін әлем чемпионы атағы бар Бусеназ Сюрменели бұл жолы күміс жүлдемен шектелуге мәжбүр болды. Бусеназ Сюрменели Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы және бокстағы ең танымал спортшылардың бірі саналады. 

Айта кетейік, әйелдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Назым Қызайбай топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медальды салды.

Финалдық кездесуді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп тамашалады. Шешуші жекпе-жекте Назым үндістандық қарсыласы Минакши Минакшиден айқын басым түсіп, чемпион атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам