Ал Әлімханұлынан кейін тоғызыншы орынға Дэвид Бенавидес, оныншы орынға Деметриус Андраде жайғасқан
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы BoxingMetrics порталының салмақ дәрежесіне қарамастан жасалған әлемнің үздік боксшылары рейтингінде сегізінші орынға жайғасты.
Орта салмақтағы отандасымыз 0,913 ұпай жинап, үздік ондықтағы орнын сақтап қалды. Оның алдында Наоя Иноуэ, Александр Усик, Дмитрий Бивол, Шакур Стивенсон, Джей Опетайя, Сауль Альварес және Джесси Родригес тұр.
Ал Әлімханұлынан кейін тоғызыншы орынға Дэвид Бенавидес, оныншы орынға Деметриус Андраде жайғасқан.
BoxingMetrics рейтингінің үздік ондығы:
Рейтинг арнайы алгоритм арқылы есептеледі. Онда қарсыластардың деңгейі жалпы бағаның 45 пайызын, жекпе-жек нәтижелері 40 пайызын, титулдық кездесулердегі жеңістер 10 пайызын, ал белсенділік бес пайызын құрайды.