Қазақстандық боксшының есімі екінші орта салмақтағы біріктіру жекпе-жектеріне үміткерлер қатарында тұр
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының есімін 2027 жылы шәкіртінің ықтимал қарсыластары тізіміне енгізді.
Қазақстандық боксшының есімі екінші орта салмақтағы біріктіру жекпе-жектеріне үміткерлер қатарында тұр. Бұл тізімге мексикалық Хайме Мунгия, америкалық Кристиан Андраде, WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Лестер Мартинес және жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Вилли Хатчинсон да енген.
Сонымен қатар «Канелоның» командасы америкалық Теренс Кроуфордпен және ресейлік Дмитрий Биволмен реванш өткізу мүмкіндігін де қарастырып отыр.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы Якоб Банкпен жекпе-жекте жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуді иеленсе, «Канеломен» айқасуы мүмкін.
Қазақстандық боксшы мен дат спортшысының кездесуі 2027 жылғы 23 қаңтарда Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында өтеді. Жекпе-жекте WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы бос қалған әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Бұған дейін британдық Хамза Шираз бұл белбеуден бас тартқан еді.