ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Абылайхан Жүсіпов Сабырхан Төреханмен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

Бүгін, 09:01

Бәрі бас бапкердің шешіміне байланысты

Абылайхан Жүсіпов Сабырхан Төреханмен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді
Коллаж 1bol.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бірінші нөмірлі боксшысы Абылайхан Жүсіпов «Sport+» YouTube арнасына берген сұхбатында өз салмағындағы басты қарсыласы Төрехан Сабырханмен спаррингке шығуға дайын екенін мәлімдеді.

— Алда әлем чемпионаты, Олимпиада бар. Сондықтан кімнің бірінші нөмір болатынын анықтау керек. Сабырханмен жекпе-жек өткізу керек болса, дайынсың ба?

— Әрине. Бәрі бас бапкердің шешіміне байланысты. Қайрат Тұрсынханұлы спарринг керек десе — шығамыз. Бұл жолы басқа спортшы барады десе, еш реніш жоқ. «Биыл Абылайхан барады» десе, қуанамын. Барлығы бас бапкердің шешіміне байланысты. Оның үстіне федерация бар, — деді Жүсіпов.

Еске сала кетейік, Астанада өткен Әлем кубогында 70 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетіп, турнирдің алғашқы кезеңінде күтпеген жерден жеңіліп қалған еді. Осыдан соң кейбір сарапшылар мен жанкүйерлер бұл салмақта Төрехан Сабырхан ұлттық құраманың бірінші нөмірі болуы тиіс деген пікір білдірді.

Айта кету керек, Төрехан – жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатын төрт мәрте ұтқан тұңғыш қазақстандық боксшы. Ересектер қатарына ауысқан соң, ол 2025 жылы Софияда өткен «Странджа кубогында» және Бангкоктағы Thailand Open халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.

Ал Абылайхан Жүсіпов — әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021) және Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017).

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам