
Әлімханұлы одан келісімшартқа қол қоюын талап етіп отыр
Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында доминикандық Карлос Адаместі ашық сынға алып, титул үшін жекпе-жек өткізгісі келетінін жазды.
Әлімханұлы одан келісімшартқа қол қоюын талап етіп отыр.
«Қорқақ! Келісімшартқа қол қой немесе титулды маған бер! Сен маған қызық емессің! Сен ешкім емессің! Маған тек белбеу керек!» - деп жазды Жәнібек.
Қазақстандық боксшының хаттарына енді Адамес те жауап бере бастады.
«Менің нөмір бірінші жанкүйерім – «чемпион» (бірақ өзі ешкіммен төбелеспеген), бірақ дәл осы жігіт мені жарнамалайды да жатады. Бір күні маркетинг үшін саған чек жазып беремін», - деді боксшы.
Жәнібек Әлімханұлы да қарап қалмай, оның қашып жүргенін бетіне бастады.
«Иә, мен шынымен де сенің танымалдылығыңды арттырып жатырмын, бірақ сені нағыз қорқақ ретінде танытып жатырмын», - деп жазды Әлімханұлы.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас та Адаместі сынаған еді.
«Карлос Адамес, жекпе-жектен қорқатын болсаң, онда рингке не үшін шықтың? Жәнібекпен бірігу айқасына шық! Бәрі соны күтіп жүр немесе батылдық танытып, қорқатыныңды мойында!» - деген еді ол.