Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеске қатысты қателік жібергенін айтты

Карлос Адамес келісімшартқа қол қоймағандықтан жекпе-жек өтпейтін болды

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионы, Доминикан Республикасы өкілі Карлос Адамеспен өткен спарринг жекпе-жегін еске алды.

«Менің жалғыз қателігім – оған спарринг кезінде тым қатты соққы жасағаным шығар. Енді ол мені қорқынышты фильмнің кейіпкеріндей қабылдайды: көрсе –  қашады, атымды естісе –  орнынан секіріп түседі!», - деп жазды «Қазақ стилі» әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясының ойын-сауық істері жөніндегі басқарма төрағасы Турки әл-Шейх Жәнібек пен Адамес арасында біріккен титул үшін жекпе-жек ұйымдастырмақ болғанын, алайда бұл жоспар доминикандық боксшының кесірінен іске аспағанын мәлімдеген еді.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам