
Ол енді Геннадий Головкинмен бірлесе жұмыс істейді
Бангкокте (Таиланд) World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан бокстан U19 және U22 Азия чемпионатында Азия бокс федерациясының кезектен тыс Конгрессі өтті.
Жиын барысында этникалық қазақ Сәкен Полатов аталған федерацияның вице-президенті болып сайланды. Оның басшылық қызметке тағайындалатынын бұған дейін Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев мәлімдеген еді.
Айта кетейік, Сәкен Полатов 1975 жылы Ташкент облысында дүниеге келген, ұлты — қазақ. 2019 жылдан бастап ҰОК төрағасының орынбасары және Өзбекстан бокс федерациясы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Сәкен Полатовтың өзбек бокс мектебін әлемдегі жетекші деңгейге көтерудегі еңбегі зор. Сонымен қатар ол футбол менеджменті саласында да мол тәжірибе жинақтаған. Атап айтқанда, оның басшылығымен «Локомотив» футбол клубы үш мәрте ел чемпионы атанып, тағы үш рет Өзбекстан кубогын иеленді.